27.02.2014, 19:11 11851

2013 жылы "Аграрлық несие корпорациясы" көктемгі дала жұмыстарына 40 млрд. теңге бөлді

"Қаржыландыру бойынша басымдық берілген бағдарламалар қатарында ауылшаруашылығы тутынушы кооперативтерін қаржыландыру және фермерлерге қажетті техниканы сатып алу үшін қолдау көрсету, негізгі құралдарды сатып алу және жаңғырту, оның ішінде жаңа технологияларды енгізу де бар", - деп Н. Сейсенбаев атап өтті.

Алматы. 27 ақпан. Kazakhstan today. "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ 2013 жылы көктемгі дала және жинастыру жұмыстарына 40 млрд. теңге бөлді. Бұл туралы "Strategy2050.kz" АА тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында компанияның басқарушы директоры Нұржан Сейсенбаев мәлім етті.

"Қаржыландыру бойынша басымдық берілген бағдарламалар қатарында ауылшаруашылығы тутынушы кооперативтерін қаржыландыру және фермерлерге қажетті техниканы сатып алу үшін қолдау көрсету, негізгі құралдарды сатып алу және жаңғырту, оның ішінде жаңа технологияларды енгізу де бар", - деп Н. Сейсенбаев атап өтті.

Сонымен оның айтуынша коорпорация көктемгі дала және жинау жұмыстары бойынша өтініштерді қарауға кірісіп кеткен.

"Өткен жылы осы мақсатты 40 млрд. теңге бөлінді, қомақты қаржы біздің қарызгер фермерлерге 2 млн. га жерге егін егіп, жинау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік берді. Бүгіннен бастап біз ауылшаруашылығы тауарын өндірушілермен сөйлесіп, олардың өтініштерін қабылдап, қарастырып жатырмыз. Менің ойымша біз осы мақсаттарды қаржыландыруді бастаймыз", - деді Н. Сейсенбаев.

Сонымен қатар, ол төлдейтін ІҚМ басын сатып алу бойынша жобаны жүзеге асыру барысы туралы айтып берді.

"Бұл ет экспорты әлеуетін дамыту бағдарламасы аясында іске асырылып және дамытылып жатқан "Сыбаға" бағдарламасы. Аталмыш бағдарламаның басынан бастап қолға алынуынан бастап корпорация 70 мыңнан астам ірі қара малын қаржыландырды. Бұл дегеніңіз шамамен 17 млрд теңге. Тек өткен жылдың өзінде осы бағдарламаға 5 млрд 800 млн теңге бөлініп, 30 мыңдай ірі қара алынған", - дейді Н.Сейсенбаев.

Айта кету керек, аталмыш бағдарлама тауар-ферма шаруашылықтарында мал басын арттыруға мүмкіндік береді.

"Демек, фермерлер тарапынан сатып алу нәтижесінде мал басы жеке тұрғындардың қолынан біртіндеп шаруа қожалықтарының қолына өтіп жатыр. Бұның соңы неге алып барады? Еңбек өнімділігі артады, шағын және орта кәсіпкерлік күшейеді. Жалпы мал шаруашылығының дамуына қарқын береді", - деп түйіндеді Н.Сейсенбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны