09.01.2014, 20:19 2965

2013 жылы Алматы облысында 870 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салынды

"Тек 2013 жылдың өзінде ғана тұрғын үй құрылысына 4 млрд теңге бөлініп, 870 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Инженерлік-коммуникациялық желілер құрылысына республикалық бюджеттен 2 млрд теңге бөлінді", - делінген хабарламада.

Алматы. 9 қаңтар. Kazakhstan today. 2013 жылы Алматы облысында 870 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салынды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Тек 2013 жылдың өзінде ғана тұрғын үй құрылысына 4 млрд теңге бөлініп, 870 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Инженерлік-коммуникациялық желілер құрылысына республикалық бюджеттен 2 млрд теңге бөлінді", - делінген хабарламада.

Өткен жылы 210 пәтерлі 4 тұрғын үй халықтың игілігіне ұсынылды. Атап айтар болсақ, олар "Қаратал" шағын ауданы Желтоқсан көшесіндегі 50 пәтерлі коммуналды үйлер мен "Жастар" спорт кешені маңайындағы "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі" тарапынан салынған 2 тұрғын үй.

Сонымен қатар, жаңа жыл қарсаңында Талдықорған қаласында 120 жас отбасы баспаналы болды.

Жалпы, облыста "Жас отбасы" бағыты бойынша тұрғын үй-жинақ жүйесі арқылы 2606 пәтерлік 52 үй салу жоспарланған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны