05.02.2014, 21:08 3199

2013 жылы Астана әуежайының басқа қызметтен келген табыс көлемі 6% - ға өсті - Ғ. Оразбақов

Осыған қарамастан монополияға қарсы агенттігі басшысының айтуынша, елімізде әлі де болса темір жол көлігі, азаматтық авиация, телекоммуникация және жылу-электр кешені саласында жоғары монополияландыру көрсеткіші сақталып отыр. Өз кезегінде қаржы нарығы мен өндіріс нарығында монополия шамалы ғана шоғырландырылған.

Алматы. 5 ақпан. Kazakhstan today. Астана әуежайының 2013 жылы басқа қызметінен кіріс көлемі 6% - ға өсті. Бұл туралы бүгін ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінде Премьер-Министрдің орынбасары Б. Сұлтановтың қатысуымен өткен кеңейтілген отырыста агенттіктің төрағасы Ғалым Оразбақов хабарлады.

"БҚА 36 тауар нарығына зерттеу жүргізді. Нәтижесінде, Үкімет пен мемлекеттік органдарға 30 ұсыныс түсіп, оның жартысы қабылданды",- деді Ғалым Оразбақов.

Осыған қарамастан монополияға қарсы агенттігі басшысының айтуынша, елімізде әлі де болса темір жол көлігі, азаматтық авиация, телекоммуникация және жылу-электр кешені саласында жоғары монополияландыру көрсеткіші сақталып отыр.

Өз кезегінде қаржы нарығы мен өндіріс нарығында монополия шамалы ғана шоғырландырылған.

"Иуежайлардың тасымалдау тартымдылығы мен тиімділігін арттыру мақсатында БҚА олардан өзге қызметінен түскен пайданын 5% алуға шектеуді алып тастауды ұсынды. Нәтижесінде, Астана әуежайының өзге қызметінен кіріс көлемі 2013 жылдың үш айында өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда 6%-ға өсті",- деп ол өз ойын толықтырды.

Бұдан басқа әуежай авияциялық емес қызметтің дамуының жаңа мүмкіндігінің арқасында тағы да қосымша қызметтерді көрсетуді жоспарлап отыр.

Айта кетерлік жайт, дәл осындай жолмен Павлодар мен Қызылорда әуежайлары дамуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны