10.01.2014, 18:59 3049

2013 жылы Астана-Щучинск автобанының кірісі 0,5 млрд теңгеден асты

"Астана-Щучинск автобанының 2013 жылдың 7 айындағы табысы 558 миллион 600 мың теңгеге жетті. 2014 жылы Көлік және коммуникация министрлігі тағы 1 млрд теңге құйып, аталмыш жолдың 2,9 млн теңге кіріс әкелетінін есептеп отыр", - делінген хабарламада.

Алматы. 10 қаңтар. Kazakhstan today. 2013 жылы Астана-Щучинск автобанының кірісі 0,5 млрд теңгеден асты, деп хабарлайды "Қазақавтожолдың" ресми сайты.

"Астана-Щучинск автобанының 2013 жылдың 7 айындағы табысы 558 миллион 600 мың теңгеге жетті. 2014 жылы Көлік және коммуникация министрлігі тағы 1 млрд теңге құйып, аталмыш жолдың 2,9 млн теңге кіріс әкелетінін есептеп отыр", - делінген хабарламада.

Мұндағы қатынас құны жеңіл көліктер үшін барлық жолға 200 теңге болса, автобустарға шақырымына көліктегі кісі сыйымдылығына қарай 5-тен 10 теңгеге дейін есептеледі. Ал жүк көліктері артқан жүктеріне қарай шақырымына 5-20 теңге төлейді.

Бұрындары да министр Асқар Жұмағалиев мәлімдегендей, ведомствода 2020 жылға дейін республикалық жолдарды ақылы ету арқылы 40 млрд теңге жинау жоспарланған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны