13.01.2014, 19:46 2843

2013 жылы Атырау қаласында бағаның тұрақталуы үшін 160-қа жуық ауыл шаруашылығының жәрмеңкесі өткізілді

Бөлшек сауда көлемі 78,4 млрд.теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,2%-ға өсті. Жыл басынан бері 143 сауда және қызмет көрсету нысандары ашылды, оның 48-і селолық округтерде.

Алматы. 13 қаңтар. Kazakhstan today. 2013 жылы Атырау қаласында отандық және Ресей тауар өндірушілерінің қатысуымен 157 жәрмеңке өтті ,деп облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлады.

"2014 жылдың 2-5 қаңтары күндері аралығында қала халқына әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерін қолжетімді бағамен ұсыну үшін арнайы жәрмекелер ұйымдастырылды", - делінген хабарламада.

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында қала аумағында орналасқан базар, супермаркет басшыларымен, ірі көтерме тасымалдаушылармен Меморандумдарға қол қойылды.

Қала бойынша 21 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері белсенді жұмыс жасап, 55 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

Бөлшек сауда көлемі 78,4 млрд.теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,2%-ға өсті. Жыл басынан бері 143 сауда және қызмет көрсету нысандары ашылды, оның 48-і селолық округтерде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны