09.04.2013, 12:35 2997

2013 жылы ауыл шаруашылыққа пайдаланатын жерлерді түгендеу 30,6 млн.га алаңда жүргізіледі

"2013 жылы түгендеуді 30,6 млн.га алаңда жүргізу жоспарланып отыр, өңірлік жоспарда шамамен 60 аудан, 820 ауылдық округ және 80 мың шаруашылық субъектілері тексерілетін болады", - деді Қ.Өскенбаев.

Астана. 9-сәуір. Kazakhstan Today - 2013 жылы түгендеудің екінші кезеңінде 30,6 млн.га алаңда зерттеу жүргізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік даму министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаев ҚР Үкіметі отырысында мәлім етті.

"2013 жылы түгендеуді 30,6 млн.га алаңда жүргізу жоспарланып отыр, өңірлік жоспарда шамамен 60 аудан, 820 ауылдық округ және 80 мың шаруашылық субъектілері тексерілетін болады", - деді Қ.Өскенбаев.

Өңірлік даму министрлігінің мәліметіне сәйкес, тексеруді жүргізуге бәрі дайын, барлық материалдық-құжаттамалық база бар, республикалық бюджеттен қажетті қаражаттар бөлінген.

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану мәселелері жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2012-2014 жылдарға көзделген айналымға енгізілген ауыл шаруашылығы алқаптарын түгендеу басталған болатын.

Тексерілетін учаскелердің үлкен көлемін ескере отырып, көрсетілген түгендеуді жүргізу үш жылға бөлінген болатын және өткен жылы ол 31 млн. га аса алаңда жүргізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны