01.04.2013, 10:38 3931

2013 жылы "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" көлік дәлізінің 806 шақырымын қолданысқа беру көзделуде

Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында мәлім етті.

Астана. 1-сәуір. Kazakhstan Today - 2013 жылы "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізінің 806 шақырымын қолданысқа беру көзделуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында мәлім етті.

"Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізін салу жәнен реконструкция жасау барысы жөнінде министр, 2012 жылы жоба бойынша жоспарланған нәтижелерге қол жеткізілгенін және 700 шақырым жаңа жолда көлік қозғалысы ашылғанын хабарлады. Бұл 121 елді мекен арқылы сенімді көлік қатынасын қамтамасыз етті. Сондай-ақ, 24 елді мекенді айналып өту жолдарының құрылысы мен 2 қауіпті асу жолдарын қайта салу қауіпсіз және үздіксіз көлік қатынасын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

"2013 жылы Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы қалған учаскелерде құрылыс жұмыстарын жалғастырып, халықаралық көлік дәлізінің 806 км қолданысқа беру көзделуде", деп атап өтті министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны