06.02.2014, 22:33 3534

2013 жылы индустрия саласындағы шетел инвестициясының көлемі 18,1 млрд АҚШ долларын құрады - И.Исекешев

2013 жылы индустрия саласындағы шетел инвестициясының көлемі 18,1 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтың қатысуымен өткен ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі қызметкерлерінің кеңейтілген отырысында ведомство басшысы Исет Исекешев мәлімдеді.

Алматы. 6 ақпан. Kazakhstan today. 2013 жылы индустрия саласындағы шетел инвестициясының көлемі 18,1 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтың қатысуымен өткен ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі қызметкерлерінің кеңейтілген отырысында ведомство басшысы Исет Исекешев мәлімдеді.

"2013 жылдың қорытындысы бойынша инвесторлармен ұлттық жұмыс жоспары дайындалды. Шет елдередегі мекемелермен өңір орталықтарының жүйелі жұмысы басталды. Болашағы зор секторларды қосқанда бізде ірі трансұлттық корпорация тарту үшін 44 басты жоба дайындайтын 6 мемлекет бар. Инвесторларға қызмет көрсету орталықтары құрылып, жалпы шетел инвесторларының қатысуымен 300 инвестжоба жұмыс істеп жатыр", - деді И.Исекешев.

2014 жылы француз компаниясымен бірігіп қашықтықтан коммерциялық тексеру жүйесін құру жобасын қолданысқа беру жоспарланған. Сонымен қатар, түрік компанияларының қатысуымен фармацевтикалық зауыт мен неміс компанияларының қатысуымен шар крандары өндірісі зауыты да іске қосылмақ.

Қазіргі таңда ведомство инвесторлар үшін жаңа ынталандыру ұсыныстары пакетін дайындауда.

"2012 жылы тікелей шетел инвестициясының әлемдік көлемінің жалпы азаю кезінде Қазақстан 14 млрд АҚШ долларын тарта алды. Бұл өз кезегінде ТМД елдерінде инвестиция тарту көрсеткіші бойынша екінші орынға шығуға мүмкіндік берді. 2013 жылдың 9 айында шет елдің тікелей инвестициясының жалпы көлемі 18,1 млрд АҚШ долларын құрады", - деді министр.

Қазіргі таңда шетел инвесторларының қатысуымен 300 инвестжоба жұмыс істеп жатыр. Оның жалпы құны мұнай-газ саласын да қосқанда 97,3 млрд АҚШ долларын құрады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны