14.01.2014, 19:44 5077

2013 жылы Қазақстанда 400 мың. шаршы метрден астам жалға берілетін тұрғын үй іске қосылды-ҚР өңірлік даму министрлігі

Қазақстанда 2013 жылы 402,6 мың шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлады Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев ҚР Үкіметінің отырысында.

Алматы. 14 қаңтар. Kazakhstan today. Қазақстанда 2013 жылы 402,6 мың шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлады Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев ҚР Үкіметінің отырысында.

"Жалға берілетін тұрғын үйді іске қосу бойынша жылдық жоспарды барлық әкімшіліктер дерлік орындады. Нақты 402,6 мың.шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй салынды"-деді министр.

Б.Жәмішев хабарлағандай, 2013 жылы жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 27,5 млрд теңге бөлінсе, оның 27,3 млрд игерілді.

Тұрғын үй жинақ құрылыс желісі арқылы жүзеге асырылған тұрғын үй құрылысына келер болсақ, бұл мақсатқа өткен жылы 29,4 млрд теңге несие қаржысы қарастырылды. Нәтижесінде бұл қаржыға 320 мың шаршы метр несиелік тұрғын үй салынды.

"Тұтастай алғанда, ҚР статистика жөніндегі Агенттіктің алдын ала келтірген дерегі бойынша, 2013 жылға барлық қаржыландыру көздері бойынша 6,8 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жылдық жоспарға қарағанда тұрғын үйді іске қосу көрсеткіші 103 пайызды құрады. Жоспар 6,6 млн. шаршы метр болатын",-деді Өңірлік даму министрі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны