27.01.2014, 19:22 4695

2013 жылы Қазақстанда мұнай және конденсат өндіру көлемі 82 млн тоннаға жуықтады - Ұ. Қарабалин

"Жедел мәліметтер бойынша, 2013 жылы мұнай және конденсат өндіру көлемі 81,8 млн. тонн. жетіп, ғасырлық тарихы бар қазақ елі үшін жаңа меже болып қалды. Бұл индикативтік жоспардан 0,3%-ға төмен, ал, 2012 жылғы көрсеткіштен 3,2%-ға жоғары", - деді Ұ. Қарабалин.

Алматы. 27 қаңтар. Kazakhstan today. Қазақстанда 2013 жылы мұнай және конденсат өндіру көлемі 82 млн тоннаны жуықтады. Бұл туралы бүгін Мұнай және газ министрлігінің кеңейтілген отырысында ведомство басшысы Ұзақбай Қарабалин хабарлады.

"Жедел мәліметтер бойынша, 2013 жылы мұнай және конденсат өндіру көлемі 81,8 млн. тонн. жетіп, ғасырлық тарихы бар қазақ елі үшін жаңа меже болып қалды. Бұл индикативтік жоспардан 0,3%-ға төмен, ал, 2012 жылғы көрсеткіштен 3,2%-ға жоғары", - деді Ұ. Қарабалин.

Оның үстіне, министрдің айтуы бойынша, газды өндіру көлемі 42,3 млрд. текше метрге жетіп, жоспардан 4,4%-ға, өткен жылдың көрсеткішінен 5,4%-ға асып түскен.

"МӨЗ қайта жаңғырту жұмыстарының қарқынды жүруіне қарамастан мұнайды өндеу деңгейі сол қалпында қалып отыр. Есептік кезең бойынша, 14,3 млн. тонн. мұнай өңделіп, жоспардан 3%-ға және алдағы жылдың көрсеткішінен 0,6%-ға асты", - деп Ұ. Қарабалин атап өтті.

Алайда, сұйытылған газды есепке алмағанда, кейбір мұнай өнімдерін өндіру көлемі өткен жылмен салыстырғанда біршама төмендеді.

"Мәселен, жанармай 2,7 млн. тонн. немесе 2012 жылмен салыстырғанда 94%-ға, әуекеросині 409 мың тонн. немесе 97%-ға, дизельді отын 4,1 млн. тонн. немесе 98,7% құрады", - деп МГМ басшысы түсіндіріп өтті.

Оның айтуынша, өндіріс көлемінің төмендеуі алғашқы жарты жылдықта Ресейден келетін ашық мұнай өнімдерінің импортының тұрақсыз болуымен тығыз байланысты. Тауардың шектен тыс көп болуы МӨЗ жұмысын ты тоқтатып тастаған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны