05.02.2014, 21:07 8883

2013 жылы Қазақстанда шамамен 38 мың жеңіл көлік пен 2 290 жүк көлігі құрастырылды

2013 жылы Қазақстанда шамамен 38 мың жеңіл көлік пен 2 290 жүк көлігі құрастырылды. Жалпы автокөлік сатылымындағы қазақстандық өндірістің үлесі 21 пайызды құрады.

Алматы. 5 ақпан. Kazakhstan today. 2013 жылы Қазақстанда шамамен 38 мың жеңіл көлік пен 2 290 жүк көлігі құрастырылды. Жалпы автокөлік сатылымындағы қазақстандық өндірістің үлесі 21 пайызды құрады.

Қазақстандық АвтоБизнес қауымдастығының хабарлауынша, бұл ҮИИД мемлекеттік бағдарламамен бизнесті қолдаудың арқасында мүмкін болып отыр. Атап айтар болсақ, қазақстандық өнімді арттыру, инновациялық даму, технологиялық жаңғырту, машина жасау саласын дамытудың салалық бағдарламасына қатысты.

"Мемлекет тарапынан, соның ішінде жергілікті атқарушы органдардың автокөлік саласын қолдаудың арқасында және қазақстандық өндірісті арттыру мен дамытуға бағытталған жоғарыда аталған бағдарламаларды іске асырумен қазақстандық автонарық үшін бірқатар маңызды стратегиялық жобаларды іске асыру мүмкін болып отыр", - деп хабарлайды қауымдастық.

"БРК-Лизинг" тарапынан 62,8 млн доллар қаржылық қолдау арқылы шанақты дәнекерлеу мен сырлау жұмыстарымен шағын шанақты құрастыру әдісімен SsangYong Nomad көлігін шығару мүмкін болып отыр. Бұл өз кезегінде КО елдерінде теңдессіз өнім шығарып қазақстандық қамту көлемін арттыруға жағдай жасады.

"Kaznex Invest" Ұлттық экспорт және инвестиция агенттігі мен ҚР ИЖТМ бірлесіп DKD (Disassembled Knock Down) технологиясымен Peugeot автокөлігі өндірісін қолға алды.

Сонымен қатар, Hyundai Auto Trans коммерциялық техника зауыты қазақстандық нарықты әлеуметтік маңызы бар отандық өнім болып табылатын арнайы техникамен қамтамасыз етіп отыр және қазақстандық қамту құнының жоғары құнымен өнімді сыртқа тасымалдауға да мүмкіндік алып отыр.

Өскемен қаласында толық циклді зауыт құрылысы басталды. Ол 500 млн долларлық автокөлік жинау, сырлау мен дәнекерлеу жұмыстарын атқарады. Алғашқы кезде салынған 233 млн доллар инвестиция жылына 60 мың көлік шығарады деп күтілуде.

"СарыаркаАвтоПром" өндірістік алаңында AllurGroup МК IVECO PowerDaily коммерциялық техникасын өндіреді. Аталмыш техника нарықта жоғары сұранысқа ие болып, шығарылған уақытанан бастап небары алты ай ішінде коммерциялық техника нарығында 4% үлеске ие болып отыр.

Бұдан бөлек сатып алу мен іске асыру құны арасындағы айырмашылықты шығаратын Tradе-In жүйесі бойынша салықтық заңнамаға түзетулер енгізілді.

"Автокөлік өндірісі саласында айтарлықтай нәтижеге қол жеткізудің бірден бір себебі мемлекет тарапынан аталмыш салаға көрсеткен қолдауы болып отыр. Атап айтар болсақ ИЖТМ жеке салалардағы бағдарламаларға үлкен маңыз беріп отыр. Қазақстандық кәсіпкерлікке мемлекттік қолдау ел экономикасының кепілі болмақ", - дейді Қазақстандық АвтоБизнес қауымдастығының президенті Андрей Лаврентьев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны