27.01.2014, 19:30 4779

2013 жылы "ҚазМұнайГаз" компаниясының табысы 450 млрд-тан астам теңгені құрады - Қ. Исқазиев

Басқарма төрағасы орынбасарының айтуынша, 2013 жылы компанияның таза кірісі 456,8 млрд теңгені құрады, ол жоспардағы көрсеткіштен 37 пайызға жоғары.

Алматы. 27 қаңтар. Kazakhstan today. 2013 жылы "ҚазМұнайГаз" компаниясының таза табысы 456,8 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Премьер-Министр Серік Ахметовтың қатысуымен өткен мұнай және газ министрлігінің алқа отырысында "ҚазМұнайГаз" ҰҚ АҚ басқарма төрағасының орынбасары Құрманғазы Исқазиев хабарлады.

" "ҚазМұнайГаз" компаниясының табысынан бөлек қаржылық қызметін 3% немесе 107,2 млрд теңгеге көтерді. Бұған мұнай өнімінің табысы, оның ішінде мұнай бағасына әсер ету, мұнайды тасымалдау мен магистральды құбырлардың табысы әсер етіп отыр", - деді Қ. Исқазиев.

Басқарма төрағасы орынбасарының айтуынша, 2013 жылы компанияның таза кірісі 456,8 млрд теңгені құрады, ол жоспардағы көрсеткіштен 37 пайызға жоғары.

Қ. Исқазиевтің айтуынша, өнімділік бағдарламасының орнатылуымен мұнай бағасының жоспарын қосқанда 2014 жылы "ҚазМұнайГаздың" табысы 334 млрд теңгеге жоспарланып отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны