08.01.2014, 18:49 3242

2013 жылы Қызылорда облысында 152 нысан пайдалануға берілді

"Ең көп, яғни 91 нысан "Қолжетімді баспана-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында салынды", - деп нақтыланған хабарламада.

Алматы. 8 қаңтар. Kazakhstan today. 2013 жылы Қызылорда облысында 152 нысан пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 2 есеге артық, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі құрылыс басқармасына сілтеме жасай отырып.

"Салынған нысандар ішінде 23-і білім беру нысандары (19 мектеп пен 4 балабақша), 16 денсаулық сақтау нысаны (3 емхана, 11 амбулатория мен 2 фельдшерлік-акушерлік пункт) және 8 мәдениет саласына қатысты нысан", - делінген хабарламада.

Айта кету керек, салынған ғимараттың 8-і "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы аясында қолға алынған.

"Ең көп, яғни 91 нысан "Қолжетімді баспана-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында салынды", - деп нақтыланған хабарламада.

Тапсырылған нысанның 98-і республикалық бюджет қаражатынан, ал 54 нысан облыстық бюджет есебінен салынған.

Жалпы, 2013 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша, Қызылорда облысы республикада құрылыс қарқыны бойынша бірінші орында.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны