31.12.2013, 13:06 6315

2013 жылы ҚР-да ауыл шаруашылығындағы жалпы тауар өнімі 11%-ға артты

2013 жылдың 11 айында Қазақстанда ауыл шаруашылығындағы жалпы тауар өнімі 2,3 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Алматы. 31 желтоқсан. Kazakhstan today. 2013 жылдың 11 айында Қазақстанда ауыл шаруашылығындағы жалпы тауар өнімі 2,3 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

"2013 жылдың 11 айында Қазақстанда ауыл шаруашылығындағы жалпы тауар өнімі 2,3 трлн теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 10,9%-ға артық", - делінген хабарламада.

Бұл өсім бірінші кезекте бау-бақша өнімінің шығымымен байланысты. Биылғы жылы аталмыш сала 20 пайызға артық өнім берді.

"Биыл табиғаттың қолайсысздығына қарамастан 20,9 млн тонна астық жиналды. Бұл гектарына 13,3 центнерден келеді десек, биылғы жылдың шығымы өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,6 центнерге артық. Осыған орай астықтың жалпы өнімі шамамен 18,5 млн тонна деп күтілуде. Яғни былтырғыдан 43% артық өнім шыққан. Бұл көрсеткіш ішкі сұранысты толық қанағаттандырып, сыртқа тағы 9 млн тонна астық сатуға мүмкіндік береді", - деп нақтыланған хабарламада.

Сонымен қатар, мал шаруашылығы өнімінің физикалық көлем индексі 2013 жылы 101,2%-ды құраған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны