08.01.2014, 18:50 2897

2013 жылы Павлодар мұнай-химия зауытын жаңғыртуға 13,5 млрд теңге жұмсалды

Жалпы, 2013 жылы кәсіпорын 5,09 млн тонна мұнай өндірді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,8%-ға артық.

Алматы. 8 қаңтар. Kazakhstan today. 2013 жылы "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС жаңғыртуға 13,5 млрд теңге жұмсалды, деп хабарлайды кәсіпкерліктің баспасөз қызметі.

"Өткен жылы аталмыш зауытты модернизацияға, техникалық жарақтану мен кәсіпорынға күрделі жөндеу жұмыстарына баса мән берілді. Осынау жұмыстарға 13,5 млрд теңге жұмсалды. №2 цехтың №28 тауар-шикізаттық парк аумағында екі жаңа нысан бой көтеруде. Оның әрқайсысы 20 мың текше метр шикізаттық мұнайды сыйдыра алады. Бұл құрылыс 2014 жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде", - делінген хабарламада.

Жалпы, 2013 жылы кәсіпорын 5,09 млн тонна мұнай өндірді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,8%-ға артық.

"Жылдың өндірістік бағдарламасы орындалды. Кәсіпорын 2016 жылы 7 млн тонна өнім шығару тапсырмасын орындау жолында алға жылжып келеді", - деп түйінделген хабарламада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны