22.01.2014, 19:41 6324

2013 жылы ШҚО-да ЖӨӨ 2 трлн-нан астам теңгені құрады

Айта кетерлігі, инвестицияның жалпы ауқымы капиталға 301,1 млрд теңге үлесін алып келді. Ол өткен жыл көрсеткішімен салыстырғанда 13,1 пайызға өсті. Құрылыс саласының жұмысы 137,5 млрд теңгені құрап, 16,3 пайызға өсті.

Алматы. 22 қаңтар. Kazakhstan today. Шығыс Қазақстан облысында жалпы өңірлік өнім жыл бойынша 6 пайызға өсті және 2 трлн-нан астам теңгені құрады, деп ШҚО ақпараттық орталығы хабарлады.

"Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде 2013 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланды. Жалпы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев атап өткендей, негізгі экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштің қалыпты өсімі байқалып отыр. Жалпы өңірлік өнім жыл бойынша 6 пайызға өсіп, 2 трлн-нан астам теңгені құрады", - делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, инвестицияның жалпы ауқымы капиталға 301,1 млрд теңге үлесін алып келді. Ол өткен жыл көрсеткішімен салыстырғанда 13,1 пайызға өсті. Құрылыс саласының жұмысы 137,5 млрд теңгені құрап, 16,3 пайызға өсті.

Сондай-ақ, 4 кварталдағы жұмыссыздық 4,8 пайызды құрап отыр, ол 2012 жылдық көрсеткіштен 0,3 пайызға көтерілгенін байқатады.19 мың жұмыс орны ашылды. Тұтынушылар индексі 104,5 пайызды құрады.

" Осыларды қорытындылай келе, ШҚО әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда өсті. Еңбек нарығы мен адамдардың жақсы өмір сүруін арттыру қажет", - деді Б. Сапарбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны