07.02.2014, 18:23 6630

2013 жылы ШҚО-ның өндірістік кәсіпкерлігі 1 трлн теңгенің өнімін өндірді

"2013 жылы өндіріс көлемі 3,1 пайызға өсіп, 800 млрд теңгені құрады. Сондықтан да ШҚО көрсеткіші аймақтар арасында 3 орынды иеленді", - деді Ш. Бұқтұғұтов.

Алматы. 7 ақпан. Kazakhstan today. Өткен жылы Шығыс Қазақстан облысының өндірістік кәсіпкерліктері 1 трлн теңгенің өнімін өндірді.

ШҚО кәсіпкерлікті және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Шәкәрім Бұқтұғұтовтың айтуынша облыста өндірістік кәсіпорынның жағдайы жақсы деңгейде.

Шығыс Қазақстан облысы экономикалық қамтылудың төрттен бірі өнеркәсіпте қызмет істейді. Жалақы көлемі 26,6 пайызды құрап отыр, ол 2013 жылы 114 246 теңгені құрады.

Облыс экономикасының негізгі бағыты өңдеу өнеркәсібінің дамуы болып табылады. Оның өндірістік өнеркәсіптен алатын үлесі 83,2 пайызға тең.

"2013 жылы өндіріс көлемі 3,1 пайызға өсіп, 800 млрд теңгені құрады. Сондықтан да ШҚО көрсеткіші аймақтар арасында 3 орынды иеленді", - деді Ш. Бұқтұғұтов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны