07.02.2014, 18:34 5009

2013 жылы СҚО-да "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша 7 мыңға жуық адам жұмысқа тұрды

Солтүстік Қазақстан облысында "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасымен 6,8 мың адам екі қолға бір күрек тапты.

Алматы. 7 ақпан. Kazakhstan today. Солтүстік Қазақстан облысында "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасымен 6,8 мың адам екі қолға бір күрек тапты.

"Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" шараларының іске асыруы тиімділігінің басты өлшемі халықтың өнімді және тұрақты жұмысқа орналасуы. 2013 жылы "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасымен 6,8 мың адам жұмысқа орналасты", - делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.

2013 жыл қорытындысы бойынша бағдарламаға қатысқан адамдар саны 4433. Олар жұмыссыз және әлеуметтік аз қамтылған, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар. Солардыың ішінде 76,9% ауыл тұрғындары.

Айта кету керек, бағдарламаның бірінші бағыты аясында әлеуметтік және транспорттық инфрақұрылым нысандарын күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша 99 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды.

Жалпы 2013 жылы бағдарламаны іске асыру үшін 4,2 млрд теңге бөлінген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны