17.03.2014, 19:48 2617

2013 жылы ТМРА-ның инфляцияға қосқан үлесі 1,15% деңгейін қамтамасыз етті - М.Оспанов

"Реттелетін коммуналдық қызметтер тарифінің барлық өзгерісі Үкіметтік ұсынған инфляцияның жоспарлы дәлізін ескере отырып жүргізіледі. 2013 жылы инфляцияға үлесі 1,15% деңгейінде", - дейді М.Оспанов.

Алматы. 17 наурыз. Kazakhstan today. 2013 жылы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің инфляцияға үлесі 1,15% деңгейінде, деп мәлімдеді бүгін ҚР Парламентінің Мәжілісіндегі Үкіметтік сағатта Агенттіктің төрағасы Мұрат Оспанов.

"Реттелетін коммуналдық қызметтер тарифінің барлық өзгерісі Үкіметтік ұсынған инфляцияның жоспарлы дәлізін ескере отырып жүргізіледі. 2013 жылы инфляцияға үлесі 1,15% деңгейінде", - дейді М.Оспанов.

Оның айтуынша, биыл аталмыш бағыттағы жұмыстар жалғасын таба бермек. Қазіргі таңда 1 мамырға дейін реттелетін қызмет тарифтеріне өзгерістер енгізуге мораторий жарияланды.

Жалпы, инфрақұрылымдық реттеуші ретінде Агенттік 1186 табиғи монополиялар қызметін реттейді.

"2013 жылы ТМРА 1073 табиғи монополиялар субъектілерінің өтінішін қараған, 406 өтініш бойынша 29 тариф түсірілген. Доминантты субъектілер тарапынан тариф көтеруге байланысты 129 ескерту түсіп, 55 ескертуге тоқтау қойылды. Соның ішінде 22 тариф төмендетілді", - дейді төраға.

Агенттік төрағасының айтуынша, тарифті нақтылау заңнама талаптарына сай қатаң түрде жүргізіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны