13.05.2014, 21:20 3435

2014 - 2015 жылдары заңдастырылған мүлік пен капитал көлемі 12 млрд долларға жетуі мүмкін - Б.Сұлтанов

2014-2015 жылдары заңдастыру нәтижесінде 12 млрд доллар сомаға мүлік пен капиталды көлеңкеден шығару күтілуде, деп хабарлады бүгін Премьер-Министрдің орынбасары - ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ОКҚ брифингінде.

Алматы. 13 мамыр. Kazakhstan today. 2014-2015 жылдары заңдастыру нәтижесінде 12 млрд доллар сомаға мүлік пен капиталды көлеңкеден шығару күтілуде, деп хабарлады бүгін Премьер-Министрдің орынбасары - ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ОКҚ брифингінде.

"Қомақты сома, - шамамен 10-12 млрд доллар күтілуде", - деді Б.Сұлтанов.

Ол сондай-ақ капиталды заңдастыру 2014 жылдың 1 қыркүйегінен басталып, 2015 жылдың 31 желтоқсанында аяқтау жоспарланып отырғанын атап өтті. Бұл мерзімдер бүгін ҚР Үкіметі отырысында мақұлданған заң жобасымен бекітілді. Құжат қарауға Парламентке бағытталды.

Оның айтуынша, қаралып жатқан құжаттарға сәйкес ақша, бағалы қағаздар, заңды тұлғаның капиталындағы үлесті заңдастыру кіреді. Сонымен қатар, заңдастыру нысандарына сан алуан құрылыс нысандары да кіреді. Сондай-ақ, шетелдегі жылжымайтын мүлікті де заңдастырып алуға мүмкіндік бар.

Қаржыны заңдастыру бойынша ұсынылып отырған үрдістер екінші деңгейлі банктерде ашылатын арнайы жинақтық салымдарға қойылады.

"Одан әрі азаматтар заңдастырудың өзге де жолдарын таңдауға құқылы. Егер де ақшаны заңдастырғалы жатқан азамат аталған инвестициялау тәртіптерін орындауға құлқысы болмаса, өзінің қаражатын игеруге толық құқығы бар. Тұтынушыға осы сынды қаржыны берер кезде екінші деңгейлі банктер салымның 10 пайызын ұстап қалады", - деді ол.

Министрдің мәліметінше, 2006-2007 жылдары өткен заңдастыру кезеңінде шамамен 7 млрд доллар алу мүмкін болды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны