31.12.2013, 13:03 6597

2014 жылдан бастап еңбек қабілетін жоғалтқандарға берілетін әлеуметтік төлемдер мөлшері арттырылады

2014 жылғы 1 қаңтарға әлеуметтік төлемдерді алушылар болып табылатын адамдарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілетін жоғалту және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап жеті пайызға арттыру жүргізілсін, делінген қаулыда.

Алматы. 31 желтоқсан. Kazakhstan today. Үкімет Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілетін жоғалту және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап жеті пайызға арттыру туралы қаулыны бекітті.

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Серік Ахметов қол қойған Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында былай делінген:

"Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-1-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: "2014 жылғы 1 қаңтарға әлеуметтік төлемдерді алушылар болып табылатын адамдарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілетін жоғалту және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап жеті пайызға арттыру жүргізілсін. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізіледі".

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны