10.05.2011, 12:15 4199

2014 жылдары ҚР бюджет тапшылығы 441 млрд теңгені құрайды

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі 2012-2014 жылдары бюджет тапшылығын ЖІӨ-ге қатысты 2,5-тен 1,3 пайызға төмендетуді жоспарлап отыр.

Астана. 10 - мамыр. Kazakhstan Today - 2014 жылдары ҚР бюджет тапшылығы 441 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі 2012-2014 жылдары бюджет тапшылығын ЖІӨ-ге қатысты 2,5-тен 1,3 пайызға төмендетуді жоспарлап отыр.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов мәлім етті.

"Ал алдағы үш жылдық бюджетке келетін болсақ, 2012-2014 жылдары абсолюттік мәндегі бюджет тапшылығының 2012 жылы 676,9 млрд. теңгеден 2014 жылы 441,4 млрд. теңгеге дейін және жалпы ішкі өнімге қатысты тиісінше 2,5 пайыздан 1,3 пайызға дейін төмендеуі жоспарланып отыр", - деді ол.

Министрдің атап өтуінше, Ұлттық қордан шектелген 1,2 трлн. теңге кепілдендірілген трансферт кезінде жалпы тапшылықтың төмендеуіне қарай мұнай емес тапшылықтың жалпы ішкі өнімнен 4,8 пайызға төмендеуі көзделуде.

"Мемлекеттік шығыстар жалпы ішкі өнімнің 20-23 пайызы деңгейінде болжанып отыр", - деді Қ.Келімбетов.

Естеріңізге сала кетсек, 25-ақпанда ҚР парламент сенатының депутаттары жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының "2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңын қабылдаған болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны