13.05.2014, 21:03 3127

2014 жылдың басынан бері ҚХР-дан келген инвестиция көлемі 20 млрд доллардан асты - Б.Сағынтаев

Қазақстанға ағымдағы жылдың басынан бері ҚХР-дан келген жиынтық инвестициясының көлемі 20 млрд. долл. асты, деп бүгін ОКҚ өткен брифингте ҚР Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

Алматы. 13 мамыр. Kazakhstan today. Қазақстанға ағымдағы жылдың басынан бері ҚХР-дан келген жиынтық инвестициясының көлемі 20 млрд. долл. асты, деп бүгін ОКҚ өткен брифингте ҚР Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

"Жыл басынан бері ҚХР жиынтық инвестициясының көлемі 20 млрд. доллардан асты. Олардың 5,68 млрд. долл. тікелей АҚШ инвестициясы. Жалпы, екі жақты жұмыстың нәтижесінде 2013 жылы екіжақты сауда-саттық 22,5 млрд. долл. құрады. Оның ішінде 14,3 млрд. долл. қазақстанның экспорты, ал, 8,1 млрд. долл. импорт. ҚР оң сальдосы 6,2 млрд. долл. тең. 2014 жылдың қаңтар-ақпан айралында екі жақты сауда-саттық көлемі 3,56 млрд. долл. көрсетті ", - деді Б.Сағынтаев.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары сонымен қатар ҚХР-мен бірлесіп іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар туралы айтты.

"Самұрық-Қазына" АҚ кестесімен "Инвестициялық карта" аясында барлығы 22 жоба іске асырылуда. Соның ішінде мұнай-газ секторында 11 жоба болса, оның 1 жобасы аяқталып, тағы 10 жоба жүзеге асырылуда. Мұнай-химия секторында 1 жоба, энергетикалық секторда 6 жоба, тау-кен металлургиясында 2 жоба қарастырылған", - дейді ол.

Сонымен қатар, тағы екі жоба жоспарланған: "Ырғыз-Шалқар-Бейнеу" учаскісін қалпына келтіру" мен "Үлкен Алматы айналым автожолы".

"Жоғарыда аталған бірлескен жобаларды іске асыру шетелдік капиталды тартудың маңызды бөлігі болып табылады", - дейді Б.Сағынтаев.

Айта кету керек, биылғы жылдың 19-21 мамырында Мемлекет басшысының ҚХР-на Мемлекеттік сапары мен Шанхайдағы АӨСШК-нің IV саммитіне қатысу жоспарланған. ҚХР-на сапары барысында ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізіп, екіжақты құжаттарға қол қойылмақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны