14.04.2014, 19:35 11023

2014 жылдың сәуір айында Үкімет жекешелендірудің екінші толқынына қатысушыларды анықтайды

"2014 жылдың сәуір айында Үкімет отырысында жекешелендіруге тиесілі квазимемлекттік сектордағы ұйымдардың тізімі анықталатын болады. Атап айтар олсақ олардың тізіміне қазіргі таңда республикалық меншіктегі 32 ұйым мен ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялар құрамына кіретін коммуналдық меншіктегі 586 нысан енгізілген", - дейді Е.Досаев.

Алматы. 14 сәуір. Kazakhstan today. 2014 жылдың сәуір айында Үкімет жекешелендірудің екінші толқынына қатысушылардың тізімін анықтайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлімдеді.

"2014 жылдың сәуір айында Үкімет отырысында жекешелендіруге тиесілі квазимемлекттік сектордағы ұйымдардың тізімі анықталатын болады. Атап айтар болсақ олардың тізіміне қазіргі таңда республикалық меншіктегі 32 ұйым мен ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялар құрамына кіретін коммуналдық меншіктегі 586 нысан енгізілген", - дейді Е.Досаев.

Оның айтуынша, тиісті нормативті актілерді қабылдағаннан кейін 2014 жыдың мамыр-маусым айларында квазимемлекеттік сектордағы ұйымдарды дайындау мен бәсекелестік ортаға беру жұмыстары басталады.

"Сонымен қатар, 2014 жыдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін мемлекет меншігінде қалған ұйымдарға арналған біріңғай ұйымдастыру-құқықтық формаларды анықтау бойынша концептуалды әдіс дайындалады", - дейді министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны