14.04.2014, 19:38 3500

2014 жылдың шілде айына дейін жергілікті жобаларды қаржыландыру артады

Оның айтуынша, бүгінгі таңда 122,5 млрд теңгені 10 аймақ мақұлдады, қалған 6 аймақ бойынша сәуір айында бөлінетін бюджет арқылы жүзеге асады.

Алматы. 14 сәуір. Kazakhstan today. 2014 жылдың шілде айына дейін жергілікті жобаларды қаржыландыру артады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісінде Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлімдеді.

"2014 жылдың 1 шілдесіне дейін аймақтарда ТКШ, жол құрылысы, әлеуметтік маңызы бар нысандарды жөндеу жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті бюджеттің табысынан жергілікті жобаларды қаржыландыру артады", - деді Е. Досаев.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда 122,5 млрд теңгені 10 аймақ мақұлдады, қалған 6 аймақ бойынша сәуір айында бөлінетін бюджет арқылы жүзеге асады.

"Біз күн сайын ахуалды жіті бақылап отырамыз. Бүгінде түрлі болжамдар бар. Соңғы деректерге сүйенетін болсақ Ресей Федерациясы экономикасының өсімі - 1,3% құрайды, алайда Ресей Федерациясы Орталық банкінің басшысы Набиуллинаның айтуы бойынша бұл көрсеткіш 1%-дан да төмен болуы бек мүмкін.

Осы мәселе бойынша егер ахуал нашарлап кетсе ресейлік компаниялар өз тауарларын саудалайтын аймақтарды іздестіріп, қазақстандық тауарлар үшін дәстүрлі нарыққа шығуы мүмкін. Біз бұл болжамды жоққа шығармаймыз", - деді Е. Досаев.

Оның айтуынша, 2014 жылы экономиканы жандандыру үшін бөлінген қомақты қаржы 500 млрд. теңге жаңа жобаларды қаржыландыру немесе қарыздарды қайта қаржыландыру арқылы нақты экономикалық секторға қайта келеді.

"Сондықтан да өсім міндеті 6% және инфляция дәлізі 6,8% деңгейінде сақталып отыр. Алайда,ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдық қорытындысы бойынша түрлі сценарийлерге қайта келуіміз мүмкін", - деп Е. Досаев қорытындылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны