27.01.2014, 19:29 3500

2014 жылдың соңына дейін "Бозой-Бейнеу" газ құбырының желілік бөлігінің құрылысы аяқталады - Ұ.Қарабалин

"Есептік кезеңде Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының 500 -ден астам елді-мекендерін көгілдір отынмен қамтамасыз етуге, сондай-ақ, газды батыс аймақтардан оңтүстікке тасымалдау бойынша стратегиялық міндеттерді шешетін ірі "Бейнеу-Бозой-Шымкент" жобасының алғашқы кезеңі аяқталды. Бұдан басқа, 2014 жылдың соңына дейін 311 км созылған "Бозой-Бейнеу" газ құбырының желілік бөлігінің құрылысы аяқталуы тиіс", - деді Ұ. Қарабалин.

Алматы. 27 қаңтар. Kazakhstan today. 2014 жылдың соңына дейін 311 км созылған "Бозой-Бейнеу" газ құбырының желілік бөлігінің құрылысы аяқталады. Бұл туралы ҚР МГМ басшысы Ұзақбай Қарабалин ведомствоның кеңейтілген отырысында хабарлады.

"Есептік кезеңде Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының 500 -ден астам елді-мекендерін көгілдір отынмен қамтамасыз етуге, сондай-ақ, газды батыс аймақтардан оңтүстікке тасымалдау бойынша стратегиялық міндеттерді шешетін ірі "Бейнеу-Бозой-Шымкент" жобасының алғашқы кезеңі аяқталды. Бұдан басқа, 2014 жылдың соңына дейін 311 км созылған "Бозой-Бейнеу" газ құбырының желілік бөлігінің құрылысы аяқталуы тиіс", - деді Ұ. Қарабалин.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 қазан айында "Бозой-Шымкент" учаскісі жүргізу-режимінде пайдалануға берілді. Ал, сол жылдың желтоқсан айында нысан мемлекеттік қабылдаудан өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны