06.05.2014, 22:20 10885

2014 жылдың соңына дейін КО аясында 5 техрегламент қабылданады деп күтілуде

"Бүгінгі таңда Кедендік одақ аясында 24 техникалық регламент қызмет етуде. Ағымдағы жылдың 1 мамырында ет пен ет өнімінің, сүт өнімінің қауіпсіздігі туралы 2 техрегламент қосылды. Сондай-ақ, 2014 жылдың соңына дейін тағы 5 техрегламентті қабылдау көзделген", - делінген хабарламада.

Алматы. 6 мамыр. Kazakhstan today. ШҚО кәсіпкерлігінің өнім сертификациясының проблемалары мен бақылау саласына қадағалау енгізу туралы ШҚО бойынша ИЖТМ техникалық реттеу және метрология комитетінің жетекшісі Бақытқан Кунафиянов мәлімдеді.

ШҚО ақпараттық орталығы хабарлағандай, Қазақстанның Кедендік одаққа ену мен Еуразиялық экономикалық интеграцияға енуге құлшыну техникалық регламент өніміне әсер етеді.

"Бүгінгі таңда Кедендік одақ аясында 24 техникалық регламент қызмет етуде. Ағымдағы жылдың 1 мамырында ет пен ет өнімінің, сүт өнімінің қауіпсіздігі туралы 2 техрегламент қосылды. Сондай-ақ, 2014 жылдың соңына дейін тағы 5 техрегламентті қабылдау көзделген", - делінген хабарламада.

Оған қоса, Шығыс Қазақстан облысы бойынша КО сертификаттау мен Бірыңғай орган реестріне 35 сынақ зертханалары мен 5 орган сәйкестендіру бойынша қосылды.

"Қабылданған техрегламенттер бойынша, аккредитация және сынақ зертханалары қызметін кеңейту қарастырылған. Бұл ұлттық нормативтік құжаттарға қосымшалар енгізу керектігін көрсетеді", - деді Қ. Кунафиянов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны