16.04.2014, 19:58 3476

2014 жылғы ақпанда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 104949 теңгені құрады - Статагенттігі

2014 жылғы ақпанда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 104949 теңгені құрады, 2013 жылғы ақпанға қарағанда 6,3% өсті.

Алматы. 16 сәуір. Kazakhstan today. 2014 жылғы ақпанда халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 56618 теңгені құрады, бұл 2013 жылғы ақпанға қарағанда 8,9% жоғары, ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 3,3% өсті.

2014 жылғы ақпанда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 104949 теңгені құрады, 2013 жылғы ақпанға қарағанда 6,3% өсті. Нақты жалақы индексі 2013 жылғы ақпанға 100,8% құрады, деп статистика агенттігінде хабарлады.

2014 жылғы наурызда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 463,5 мың адамды құрады.

Айта кетейік, жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 5,1% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2014 жылғы наурыздың соңына 52,3 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санына 0,6%. Жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,5%-ын құрады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны