14.07.2014, 20:26 3519

2014 жылғы мамырда халықтың ақшалай табыстары 61 480 теңгені құрады

2014 жылғы мамырда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары алдын ала берілген деректер бойынша 61 480 теңгені құрап, 2013 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 10,8%-ға артты. Нақты ақшалай табыстар 3,6%-ға өсті, деп хабарлайды ҚР Статистика агенттігі.

Алматы. 14 шілде. Kazakhstan today. 2014 жылғы мамырда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары алдын ала берілген деректер бойынша 61 480 теңгені құрап, 2013 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 10,8%-ға артты. Нақты ақшалай табыстар 3,6%-ға өсті, деп хабарлайды ҚР Статистика агенттігі.

2014 жылғы мамырда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының көлемі бойынша Атырау облысы, Алматы және Астана қалалары алдыңғы қатарда, мұнда осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2,4 -1,8 есеге артық.

2014 жылғы мамырда табыстары ең төмен өңірлер қатарында Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары белгіленді, осы өңірлерде халықтың табыс мөлшері республикалық деңгейден 23-40%-ға төмен. Сонымен бірге, халықтың нақты ақшалай табыстарының ең көп өсу қарқыны Атырау және Маңғыстау облыстарында белгіленді.

2014 жылғы мамырда өңірлер бойынша атаулы ақшалай табыстардың ең жоғары және ең төмен мөлшерлері арасындағы арақатынас 4,0 есені құрады (2013 жылғы мамырда - 3,3 есе).

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны