Система Orphus

2014 жылы 40-қа жуық теміржол вокзалы жаңғыртылады - А. Жұмағалиев

03.02.2014, 21:44 6944

Алматы. 3 ақпан. Kazakhstan today. Қазақстанда 2014 жылы 38 теміржол вокзалы жаңғыртылады. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Сағынтаевтың қатысуымен өткен ҚР Көлік және коммуникация министрлігі қызметкерлерінің отырысында ведомство басшысы Асқар Жұмағалиев мәлімдеді.

"Елімізде 38 теміржол вокзалын жаңғырту жоспарланған. Сонымен қатар, министрлікте хабарлағандай, Астанада вокзал кешенін құрастыруды бастау, 800 км жолдың жоғарғы қабат құрылымын жөндеу, "Алматы станциясының теміржол торабын айналып өтетін теміржол желісін құру" жобасын жүзеге асыруды бастау, және Ақтөбе облысындағы рельс-арқалық зауытының құрылысын аяқтау көзделуде", - деді А. Жұмағалиев.

Теміржол тасымалы саласында 2014 жылы 294 млн тонна жүкті және 20 млн жолаушыны тасымалдауды қамтамасыз ету жоспарланған, соның ішінде "Астана - Қызылорда", "Астана - Защита", "Алматы - Защита", "Алматы - Ақтобе" және "Алматы-Ташкент" қатынасында жоғары жылдамдықты 5 жаңа Тальго бағдары ашылады.

"Электронды түрде билетті өткізу жұмысы өте белсенді жүргізілуді. Өткен жылы 2 млн 5 мың билет сатылды. Осы жылы 3 млн 600 мың билет сатылады деп үміттенеміз. Бұл жалпы парктің жаңғыртылуы мен электрондық түрде билет сатудың басты мақсаты жемқорлықпен күресу", - деді А. Жұмағалиев.

Сондай-ақ, 2013 жылы жолаушылар тасымалдаудың саны өткен жылмен салыстырғанда 5,5 пайызға өскен. 6 жолаушылар маршруты жіберілді, олардың тең жартысы - жүрдек.

Оған қоса, 80 вокзал күрделі жөндеуден өткізіліп, 97 жаңа локомотив, 1704 жүк вагоны, 237 жолаушылар вагоны алынды. 1250 шақырым жол салынып, 631 шақырымы күрделі жөндеуден өткен.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны