24.01.2014, 19:53 2898

2014 жылы Алматы облысында 48 білім беру және 39 медициналық мекеме салу жоспарлануда

"Білім беру мекемелерінің ішінде 30 мектеп, 8 балабақша мен 1 қала сыртындағы лагерь және оқушылар сарайы бар. 2014 жылы оның 15 қолданысқа енеді", - делінген хабарламада.

Алматы. 24 қаңтар. Kazakhstan today. Алматы облысында 2014 жылы 48 білім беру және 39 денсаулық сақтау мекемесінің құрылысын жүргізу жоспарланған, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Білім беру мекемелерінің ішінде 30 мектеп, 8 балабақша мен 1 қала сыртындағы лагерь және оқушылар сарайы бар. 2014 жылы оның 15 қолданысқа енеді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 2014 жылы 39 денсаулық сақтау мекемесін салу көзделген, оның 34 ауылдық дәрігерлік-амбулаторлық нысан.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы 79 тұрғын үй мен 8 спорттық нысанды қолданысқа беру жоспарланған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны