18.02.2014, 19:23 3212

2014 жылы "Алматы" станциясының төңірегінде айналма жол салынады - ККМ

Ол арқылы "Достық" пен "Алтынкөл" станцияларынан келетін ауыр жүк өтеді. Осыған байланысты қазіргі таңда Алматы станциясын айналып өтетін айналма жолды салу бойынша жобалық-сметалық құжаттама жасалып жатыр.

Алматы. 18 ақпан. Kazakhstan today. Мемлекет басшысының халыққа Жолдауы аясында 2014 жылы "Алматы" станциясының төңірегінде айналма жол салынады, осылайша станцияның жүктемелігі 45%-ға жеңілдетіледі, деді "Strategy2050.kz" АА тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Потлов.

"Біздің теміржолда тар орындар деген түсінік бар, ал, ол жолдар арқылы біз жүгі ауыр вагондарды өткізе алмаймыз, себебі инфрақұрылым оған есептелмеген. Сондай аймақтардың бірі - бұл "Алматы" станциясы. Ол арқылы "Достық" пен "Алтынкөл" станцияларынан келетін ауыр жүк өтеді. Осыған байланысты қазіргі таңда Алматы станциясын айналып өтетін айналма жолды салу бойынша жобалық-сметалық құжаттама жасалып жатыр. Жаңа жол Алматы станциясына кірмей-ақ, Батыс пен Еуропа елдеріне және Орта Азия елдеріне жүкті тасымалдауға мүмкіндік береді", - деп Д. Потлов хабарлады.

Алдын-ала есептеулер бойынша, Алматы станциясын жүктемелігі 45%-ға жеңілдетіледі.

Бұдан басқа, Д. Потловтың айтуынша, жекеменшік ұйымдар бұл жобаны жүзеге асыруға қызығушылық танытуда, сондықтан мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында мәселені шешу қарастырылуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны