17.04.2014, 19:35 2799

2014 жылы Алматыда 21 шақырым жылу трассасы қайта құрылатын болады

Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімовтың төрағалық етуімен 2013-2014 жылдардағы жылу маусымының қорытындылары және қала шаруашылығының алдағы жылу маусымына дайындық жоспарлары туралы мәселе қараған жиын болып өтті.

Алматы. 17 сәуір. Kazakhstan today. Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімовтың төрағалық етуімен 2013-2014 жылдардағы жылу маусымының қорытындылары және қала шаруашылығының алдағы жылу маусымына дайындық жоспарлары туралы мәселе қараған жиын болып өтті.

Қала әкімі өткен жылу маусымына қанағаттанарлық деген баға берді. Алматыда былтырғы қыстың ұзақ және аязды болуы алдағы қысқы маусымға жауапты дайындалу керектігін көрсетті.

"Өткен жылдың жазында біз 20 км. жылу трассасын жаңарттық Бұл учаскелерде ешқандай апатты оқиға болған жоқ. Соныдықтан алдағы уақытта да энергия үнемдеуші технология мен материалдарды пайдалана отырып, энергокешенді модернизациялау қарқынын аттырған жөн", - деді Ахметжан Есімов.

Биыл Алматы да 21 шақырым жылу трассасы жаңартылады, деп Алматы қаласының ресми порталы хабарлады.

Жалпы, 2008-2013 жылдар аралығында 97 шақырым жылу жүйесі жаңартылды. Өткен жылғы жылу маусымында шығын 18% болды, ал 2012-2013 бұл көрсеткіш 21% болатын.

Аудандық әкімдіктер мен "АлТС" ЖШС тарапынан қолданылған шараларға қарамастан 24 ЖПИК басшылары өз міндеттеріне салғырт қарап, пәтерлерге жылуды дер кезінде бермеді.

Сөзінің соңында Алматы әкімі энегриякешен, денсаулық сақтау, білім салалары обьектілерін 2014-2015 жылғы жылу маусымына барынша тыңғылықты даындау жөнінде тапсырма берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны