30.12.2013, 16:39 3303

2014 жылы Астанада 3 жерасты өткелі салынады

Қала бойынша 25 жерасты өткелін салу қажет, биыл Хан Шатырдағы жоба іске асты, қозғалысты жаппай-ақ, 5 жерасты өткелінің құрылысы қолға алынбақ.

Алматы. 30 желтоқсан. Kazakhstan today. Астанада 2014 жылы 3 жерасты өткелі салынбақ. Бұл туралы елордалық әкімдік жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

"Аталған жерасты өткелдері Республика даңғылында, Б.Момышұлы даңғылында (Оқушылар сарайының жанында) және Сығанақ көшесінің бойында орналасады", - делінген хабарламада.

"Қала бойынша 25 жерасты өткелін салу қажет, биыл Хан Шатырдағы жоба іске асты, қозғалысты жаппай-ақ, 5 жерасты өткелінің құрылысы қолға алынбақ. Өздеріңіз білетіндей, біздің көшелер өте тар, инженерлік желілер көп, сондықтан қазіргі уақытта қозғалысты жабудың жаңа технологиялары әзірленуде. Келер жылы қаржыландыру болса, тағы да 3 жерасты өткелі пайда болады", - деді astana.kz сайтына берген сұхбатында Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Рашид Аманжолов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны