22.01.2014, 19:18 5492

2014 жылы Атырау облысында БЖК-2020 бағдарламасы бойынша 105 жобаны жүзеге асыру жоспарланған

"2014 жылға Атырау облысына бөлінген жалпы қаражат 1 193 755 000 теңге, ал жоспарланған жобалар саны - 105", - делінген хабарламада.

Алматы. 22 қаңтар. Kazakhstan today. 2014 жылы Атырау облысында "Бизнестің жол картасы -2020" бағдарламасы бойынша 105 жобаны жүзеге асыру жоспарланған, деп облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлады.

"2014 жылға Атырау облысына бөлінген жалпы қаражат 1 193 755 000 теңге, ал жоспарланған жобалар саны - 105", - делінген хабарламада.

2014 жылы облыста 2012-2020 жылдарға моноқалаларды дамыту баңдарламасы бойынша 2 жобаға қол қойылды.

Банкирлердің айтуынша, бұл көрсеткіштер облыста кәсіпкерліктің қатты дамып жатқанына байланысты, іске асатынына сенімді.

Айта кетейік, Атырау облысында 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1037,6 млрд. теңгені құрады, бұл республика деңгейі көлемінің 17,1% құрайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны