27.01.2014, 19:10 3432

2014 жылы энергия теңгерімінде ЖЭК үлесі 1% құрайды - Н. Қаппаров

Министрдің айтуынша, бүгінде жаңартылған энергия көздері бойынша бірқатар заңнамаға өзгертулер енгізілген. Атап айтатын болсақ, тарифтерді тиянақтау мақсатында мемлекеттік қолдау жүйесі толығымен жаңартылды.

Алматы. 27 қаңтар. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің кеңейтілген кеңесінде ведомство басшысы Нұрлан Қаппаров қалдықтарды басқару және ауаны ластауды төмендету бойынша 2013-2020 жылдарға арналған жүйені жаңғырту мәселелері туралы кеңінен әңгімелеп берді. Оның айтуынша, 2014 жылы энергия теңгерімінде ЖЭК үлесі 1%-жетсе, 2020 жылы - 3% құрайды.

"2013 жылдың 30 мамырында Елбасы Қазақстанның "жасыл" экономикаға көшуі туралы Концепцияны бекітіп, жарлыққа қол қойды. 2013-2020 жылдарға арналған жоспар бойынша, қалдықтарды басқару және ауаны ластауды төмендету жүйесін жаңғырту, су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру, энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді және ауылшаруашылығын тұрақты ету үшін бірқатар жобаларды жүзеге асыру, жаңартылған энергия көздерін дамыту көзделген", - деді Н. Қаппаров.

Министрдің айтуынша, бүгінде жаңартылған энергия көздері бойынша бірқатар заңнамаға өзгертулер енгізілген. Атап айтатын болсақ, тарифтерді тиянақтау мақсатында мемлекеттік қолдау жүйесі толығымен жаңартылды.

Оның үстіне, ЖЭК секторын дамыту Астанада өтетін дүниежүзілік EXPO-2017 көрмесіне дайындық барысында аса маңызды.

"ЭКСПО-2017 көрмесі Қазақстанға өзін "жасыл" экономиканың қозғаушы күші ретінде жариялауға мүмкіндік береді. Сондықтанда біздің министрлік көрменің дайындық жұмыстарына белсенді атсалысуда. 2013 жылдың ішінде салмақты қадамдар ойластырылып, Халықаралық көрмені өткізу бойынша арнайы Концепциясы жасақталса, ЭКСПО-2017 көрмесінің бойтұмары болатын үздік эскиз-идеяға байқау жарияланып, өткізілді. 2014 жыл үлкен құрылыс басталатын жыл. Осы ретте біздің мақсатымыз әлемдік көрменің лайықты дәрежеде өтуіне барынша жағдай жасау", - деп Н. Қаппаров өз ойын түйді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны