13.01.2014, 19:30 6534

2014 жылы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты қабылдау жоспарлануда

Кеден одағы құрылған сәттен бастап Қазақстанның өңдеуші өнеркәсібіне ТШИ көлемі 88 пайызға - 2009 жылғы 1,8 млрд. АҚШ долларынан 2012 жылы 3,4 млрд. АҚШ долл. ұлғайды.

Алматы. 13 қаңтар. Kazakhstan today. 2014 жылы Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің құқықтық базасын кодификациялау негізінде қалыптастыратын Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты қабылдау жоспарлануда. Аталмыш құжат алдағы көптеген жылдарға мемлекетіміздің сыртқы экономикалық саясатының негіздерін анықтайды, сондықтан осы Шарт Қазақстан үшін өте маңызды құжат болып табылады,-деп мәлімдеді ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Жақсылықов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

Журналист сауалдарына жауап берген Тимур Жақсылықов, Қазақстанның еуразиялық интеграцияға қатысуының негізгі мақсаттарының бірі өткізу нарығын кеңейту, инвестициялар, оның ішінде, экономиканың қайта өңдеуші секторларына инвестициялар тарту болып табылатынын айтты.

Көрсеткіш мысалы Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіне тікелей шетелдік инвестициялар көлімінің өсуі болып табылады.

Кеден одағы құрылған сәттен бастап Қазақстанның өңдеуші өнеркәсібіне ТШИ көлемі 88 пайызға - 2009 жылғы 1,8 млрд. АҚШ долларынан 2012 жылы 3,4 млрд. АҚШ долл. ұлғайды.

ТШИ жалпы көлемі жоғарыда аталған кезеңде 34% пайызға - 21,4 млрд. АҚШ доллардан 28,3 млрд. АҚШ долларына дейін өсті,-деп қосты Тимур Жақсылықов.

Сондай-ақ, вице-министр Бірыңғай экономикалық кеңістіктің құрылуы транзакциялық шығындарды төмендету және бизнесті дамытуға бағытталуы мүмкін едәуір айналым қаражатын босату бөлігінде отандық бизнес үшін қосымша мүмкіндіктер беретінін мәлімдеді.

Теміржол тасымалдары саласында 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап БЭК мемлекеттерінің әрқайсысы бағыттар (экспорттық, импорттық және мемлекетішілік) түрлері бойынша жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметтерге біріздендірілген тариф қолданылатын болады.

Сонымен қатар, Тимур Жақсылықов тарифтерді біріздендіру оларды қолдану ашықтығын белгілеп, тауарлар мен тауар өндірушілер үшін тең бәсекелі жағдайлар құруға ықпал ететінін алға тартты.

Қазақстандық жүк жөнелтушілердің Ресей және Беларусь аумағы бойынша жүзеге асыратын тасымалдарының көлемі едәуір және жылына 17,2 млн. тоннаны құрайды. Салыстырмалы түрде Қазақстан аумағы бойынша ресей және беларусь жүк тасымалдарының көлемі 2012 жылы 8,6 млн. тонн құрайтынын айта кеткен жөн. Осыған байланысты, тарифтерді біріздендіру қазақстандық жүк жөнелтушілер үшін ерекше маңызды,-деді вице-министр.

2014 жылғы қаңтардан бастап қазақстандық мемлекеттік сатып алушылар Ресей және Беларусь мемлекеттік сатып алуларына қатыса алады.

2014 жылғы 1 қаңтардан бастап, БЭК мемлекеті мемлекеттік сатып алуларға ұлттық режим ұсынады,-деді Тимур Жақсылықов.

БЭК бойынша әріптес елдердің мемлекеттік сатып алулар нарығының көлемі 2012 жылы шамамен 198 млрд. АҚШ долларын құрады. Салыстырмалы түрде Қазақстанның мемлекеттік сатып алулар нарығы 2012 жылы шамамен 7,6 млрд. АҚШ долларын құрады. Осылайша, әріптес елдер нарығы отандық тауар өндірушілердің және жалпы бизнестің дамуы үшін белгілі әлеует бере отырып, отандық нарықтан 26 есе көп болды,-деп қорытындылады ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.

БЭК жұмыс істеуінің маңызды құрамының бірі өнеркәсіптік ынтымақтастық және АӨК дамыту болып табылады.

БЭК шеңберінде бірқатар уағдаластықтарға қол жеткізілді, мәселен:

* өнеркәсіптік кооперацияны тереңдетуді, ұлттық өнеркәсіптік саясатты үйлестіруді көздейтін өнеркәсіптік ынтымақтастықтағы тұжырымдамалық шешімдердің бірі қабылданды.

* сауданы бұрмалайтын ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау ауыл шаруашылығының ІӨ қатысты 10% мөлшерінде бекітілген жол берілетін деңгейден артық берілмеуі тиістігін белгілейтін уағдаластыққа қол жеткізілді.

Бұл үш елдің аграрлық саласын субсидиялау көлемін теңдестіру арқылы Қазақстан, Беларусия және Ресейдің ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара саудасында адал бәсекелестікті дамытуға қолайлы жағдайды қамтамасыз етеді.

*азаматтық жолаушылар ұшақтарының, сондай-ақ, астық жинау комбайндарының жекелеген түрлеріне қатысты қазақстандық тауарлар мен қызметтер өндірушілерінің мүдделерін толығымен ескеретін шешім қабылданды.

- Ұшақтарға қатысты оларды Қазақстан Республикасына жеңілдікпен әкелу мүмкіндігі 2019 жылғы 30 маусымға дейін ұзартылды. Бұл ұлттық әуе компанияларына ұшақтар паркін жаңғырту бойынша жоспарды іске асыруды қамтамасыз етуге және әлемдік әуетасымалдары нарығындағы бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілердің мүдделерін қорғау мақсатында Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына әкелінетін комбайндарға қатысты арнайы қорғау шаралары ретінде Қазақстан Республикасының 300 бірлікке тең үлесін ескере отырып, жылына 774 бірлік мөлшерінде импорттық квота көзделетін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны