04.02.2014, 19:24 3259

2014 жылы ИЖТМ пайдалы қазбалар бойынша 8 анықтамалық шығарады

Оның айтуынша, ағымдағы жылы 8 анықтамалық материал жасау жоспарланған, жалпы 24 анықтамалық дайындалады. Айта кетерлігі, сәуір айында Геолог күніне қарсы ҚР Премьер-Министрдің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешевтің қатысуымен тақырыптық конференция өткізу жоспарлануда.

Алматы. 4 ақпан. Kazakhstan today. Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Алматыдағы пайдалы қазба апталығы аясында анықтамалықтар шығарады. Бұл туралы бүгін геологиялық саланың қорытынды жұмыстары бойынша баспасөз конференциясында және Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмалардың орындалу барысын талқылауда Геология мен табиғи байлықтарды басқару комитетінің жетекшісі Базарбай Нұрабаев мәлімдеді.

"Ағымдағы жылы біз XVII ТМД елдерінің Үкіметаралық кеңесінің қадағалау, қазба байлықтарды қолдануды басқару сессиясын Алматыда өткізуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 14 ақпанынан бастап біз пайдалы қазба байлықтарын тиімді қолдану бойынша анықтамалық шығаруды көздеп отырмыз. Сондай-ақ, алтын аптасы шарасын да өткізу жоспарлануда. Шараға ғалымдар мен ғылыми-зерттеу институттары қатысады", - деді Б. Нұрабаев.

Оның айтуынша, ағымдағы жылы 8 анықтамалық материал жасау жоспарланған, жалпы 24 анықтамалық дайындалады.

Айта кетерлігі, сәуір айында Геолог күніне қарсы ҚР Премьер-Министрдің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешевтің қатысуымен тақырыптық конференция өткізу жоспарлануда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны