08.04.2014, 20:12 2939

2014 жылы Қарағанды облысында 750 гектардан астам алаңға жаздық егістік отырғызылады

2014 жылы Қарағанды облысында 750 гектардан астам жерге жаздық егістік жүргізіледі. Бұл туралы облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының жетекшісі Бауыржан Асанов мәлімдеді.

Алматы. 8 сәуір. Kazakhstan today. 2014 жылы Қарағанды облысында 750 гектардан астам жерге жаздық егістік жүргізіледі. Бұл туралы облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының жетекшісі Бауыржан Асанов мәлімдеді.

"Биыл 765,8 мың гектар жерге жаздық егіс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 37,6 мың гектарға артық. Соның ішінде 685,5 мың гектарға бидай егілсе, күнбағыс 27 мың гектарға, жем-жөп 44,6 мың гектар жерге себілмек. Ал картоп егістігінің үлесі 7,5 мың гектар болса, 1,4 мың гектарға көкеніс егілмек", - деп мәлімдеді басқарма жетекшісі Бауыржан Асанов көктемгі егістік жұмыстарына дайындық барысында.

Сонымен қатар, ол көктемгі егістік жұмыстарына 70 мың тонна тұқым дайындалса, картоп тұқымы 27,7 мың тонна арналған. Бұл жалпы сұранысты 100 пайыз қамтамасыз етуге жеткілікті.

Айта кету керек, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерін қолдау мақсатында көктемгі егістік жұмыстарына 2,4 млрд теңге бөлінген. Егістікке ұзын саны 20 мыңдай ауыл шаруашылығы техникасы дайындалған. Соның ішіндегі 5,6 мың трактор, 112 егістік кешені мен 7 мың себу көлігі сақадай сай тұр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны