05.02.2014, 20:55 2980

2014 жылы "ҚазАгроИнновация" 2,5 мыңнан астам ауылшаруашылығы өнімін өндірушілерін оқытады

"Бүгінде біздің ғылым ауылдық ұйымдарымыздың жанынан 10 білімді тарату орталығы ашылды. Болашақта мүндай орталықтар санын 16-ға жеткізу көзделуде. Осылайша Қазақстанның барлық аймақтары түгелдей қамтылып, тауар өндірушілер арнайы оқудан өтіп, сала бойынша инновациялық технологияардан хабардар болып отырады", - деп Т. Ибсаттар хабарлады.

Алматы. 5 ақпан. Kazakhstan today. Елбасының халыққа Жолдауының аясында 2014 жылы "ҚазАгроИнновация" 2,5 мыңнан астам ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерді оқытады, деді "Strategy2050.kz" АА берген эксклюзивті сұхбатында "KазАгроИнновация" АҚ Білім беру жүйесін дамыту департаментінің директоры Талғат Ибсаттар.

"ҚР Президенті Н.Назарбаев халыққа Жолдауында Қазақстанның агроөндіріс кешенінің инновациялық бағытқа көшіру қажеттілігін атап өтті. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін ғылыми білім мен инновацияны тікелей қол жетімді ету үшін және заманауи технологияларды жылдам енгізу үшін білімді тарату жүйесі бойынша "Extension" бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба әлемнің көптеген елдерінде танымал", - деді Т. Ибсаттар.

Оның айтуынша, осы мақсатта АҚ ғылыми-зерттеу институтының жанынан Білімді тарату орталығы құрылып, жұмыс істеуде. Ол инновацияны енгізіп, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді арнайы оқытады.

"Бүгінде біздің ғылым ауылдық ұйымдарымыздың жанынан 10 білімді тарату орталығы ашылды. Болашақта мүндай орталықтар санын 16-ға жеткізу көзделуде. Осылайша Қазақстанның барлық аймақтары түгелдей қамтылып, тауар өндірушілер арнайы оқудан өтіп, сала бойынша инновациялық технологияардан хабардар болып отырады", - деп Т. Ибсаттар хабарлады.

Оның айтуынша 2014 жылы "ҚазАгроИнновация" АҚ 2,5 мыңнан астам ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерді оқытып, 2 мың шаруа қожалықта ауылшаруашылығы өнімін өндірушілерге кеңес беру шараларын ұйымдастыруды жоспарлауда.

Айта кетерлік жайт, білімді тарату орталықтары 2009 жылдан бастап құрылып, жұмыс істей бастады. Бес жыл ішінде онда 12 мыңнан астам ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер оқытылды.

"Негізінен біздің басты құралымыз ауыл шаруашылық өнімін өндірушілерге жаңадан білім беру, тәжірибеде жаңа технологияларды пайдалану, ноу-хау енгізу. Сонымен қатар, біздің орталық тарапынан жаңа оқыту құралдары енгізіле бастады. Олар онлайн кеңес беру мен тікелей кеңес беру жұмыстары", - дейді "ҚазАгроИнновация" АҚ білім беру жүйесін дамыту департаментінің директоры.

Т.Ибсаттардың айтуынша, білім беру шығындарын мемлекет өзі көтереді.

"Қазіргі таңда 5 жылдан бері біз ауыл шаруашылық өнімін өндірушілерге 10 мыңнан астам кеңес беру жұмыстарын жүргіздік. Соның ішінде 5 мыңы қашықтықтан кеңес беру болса, қалған жартысы тікелей кеңес беру. Тікелей кеңес беру ауыл шаруашылық кәсіпкерліктерге біздің өзіміздің баруымыз арқылы жүзеге асырылады. Яғни, орталық базасында әр сала бойынша кеңесшілер жұмыс істейді. Олар фермерлерден өтініш алып, тиісті шаруашылыққа барып, онда технологиялық аудит өткізеді. Шаруашылықтың кемшіліктерін де иесіне ескерте кетеді. Осылайша олар кәсіпкерліктерге жетістікке жетудің сырын үйретеді", - дейді Т. Ибсаттар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны