29.01.2014, 19:11 5632

2014 жылы Қазақстан Монреаль конвенциясына қосылады - А.Бектұров

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада авиациялық жүк тасымалы, жүк хабын құрудағы экономикалық, географиялық және заңнамалық алғышарттарды құру, әуе тасымалындағы заманауи технологиялар, Қазақстанда жүк әуе паркі даму стратегиясының әлемдік ағымдары мен болашағы талқыланған "Cargo Aviation Day 2014" басталды.

Алматы. 29 қаңтар. Kazakhstan today. Қазақстан 2014 жылы 1999 жылғы Монреаль конвенциясына қосылады. Бұл жайлы "Cargo Aviation Day-2014" дөңгелек үстелінде ҚР көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұров мәлімдеді.

"Біз қазір "KAZLOGISTICS"-пен бірігіп e-freight бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Барлық қажетті өзгерістер мен қаражатты біз салуға дайынбыз. Заңнамалық базаға келер болсақ, соңғы кездері біз авиациялық заңнамаға үлкен өзгерістер енгіздік және алдағы уақытта да өзгертетін боламыз. Біз қазір 1999 жылғы Монреаль конвенциясымен Қазақстанды біріктіру жұмыстарын қолға алдық. Аталмыш бағыттағы жұмыстар келер жылы аяқталады, қазір конвенция мемлекеттік органдардың келісімін алып жатыр", - дейді А.Бектұров.

Сонымен қатар, шара барысында мультимодельдік тасымалдауға бірыңғай электрондық құжаттар құру саласында Қазақстанның "KAZLOGISTICS" тасымалдаушылар кеңесі мен Азаматтық орталығы, инновациялық орталығы арасында әріптестік туралы меморандумға қол қою жоспарланды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада авиациялық жүк тасымалы, жүк хабын құрудағы экономикалық, географиялық және заңнамалық алғышарттарды құру, әуе тасымалындағы заманауи технологиялар, Қазақстанда жүк әуе паркі даму стратегиясының әлемдік ағымдары мен болашағы талқыланған "Cargo Aviation Day 2014" басталды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны