Система Orphus

2014 жылы Қазақстанда 500 стандарт дайындалады - ИЖТМ

11.05.2014, 19:49 1318

Алматы. 11 мамыр. Kazakhstan today. Халықаралық талаптарға сай өнім өндірісі үшін жағдай қалыптастыру мақсатында халықаралық талаптармен үндестірілген ұлттық стандарттарды дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының ұлттық талаптарының жалпы саны 5223-ді құрайды. Солардың ішінде халықаралық талаптармен үндестірілгенінің саны 3787 құрайды. Бұл пайыздық көрсеткішпен санағанда 72,5%, деп хабарлайды ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі тарапынан 2013 жылғы мемлекеттік стандарттау жұмыстары жоспары бойынша 526 стандарт дайындалып, мақұлданды. 2014 жылы тағы 500 талапты енгізу қарастырылған.

"Осы орайда салалар бойынша мемлекеттік стандарттардың саны төмендегідей: мұнай-газ саласы, аралас өндіріс 460 (үйлестірілу деңгейі 80,4%), азық-түлік өнеркәсібі 441 (63,5%), жол-транспорттық және темір жол техникасы 362 (76,8%), құрылыс материалдары мен құрылыс саласы 401 (78,3%)", - деп хабарлайды ведомство.

Айта кету керек, экономика мен өнеркәсіптің тиісті салаларына аталмыш талаптарды енгізу үшін 2013 жылы Алматы мен Астана қалалары және облыстардың әкімдіктерімен мақұлданған дайындық жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, салалық министрліктер тарапынан техникалық реттеу мен стандарттарды енгізу бойынша 9 салалық жоспар бекітілді.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны