28.12.2013, 19:45 20080

2014 жылы Қазақстанда электронды шот- фактура енгізіледі

"Электронды шот фактурасының енгізілуі ерікті түрде салық төлеушілерге бірқатар пайда әкеледі. Алдын ала болжам бойынша, кәсіпкерлік үнемдеуі жылына 5 млрд теңгеден аспақ", - делінген хабарламада. Сонымен қатар, көлеңкелі экономика көлемін азайту мақсатында жеке тұлғалардың мүлкі мен кірісін декларациялауға өту жұмыстары жүргізілуде. Жаппай декларациялаудың басты мақсаты - көлеңкелі экономикамен күресі және салық төлеу барысын реттеу.

Алматы. 28 желтоқсан. Kazakhstan today. 2014 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда жалған кәсіпкерлермен жасалған келісімдерді алдын ала анықтауға мүмкіндік беретін электронды шот- фактура енгізіледі, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

"Электронды шот фактурасының енгізілуі ерікті түрде салық төлеушілерге бірқатар пайда әкеледі. Алдын ала болжам бойынша, кәсіпкерлік үнемдеуі жылына 5 млрд теңгеден аспақ", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, көлеңкелі экономика көлемін азайту мақсатында жеке тұлғалардың мүлкі мен кірісін декларациялауға өту жұмыстары жүргізілуде. Жаппай декларациялаудың басты мақсаты - көлеңкелі экономикамен күресі және салық төлеу барысын реттеу.

Айта кету керек, елімізде кіріс пен мүлікті декларациялауды енгізгеннен кейін халықтың салық төлеу мәдениеті артқан, жемқорлық азайып, көлеңкелі айналым төмендеді.

"Бүгінде көлеңкелі экономика барлық елдерде дерлік енгізілген. Қазақстанда кейбір мәліметтер бойынша, бұл көрсеткіш ЖІӨ-нің 20 пайызына жетеді", - деп нақтыланған хабарламада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны