18.02.2014, 19:25 14819

2014 жылы Қазақстанда қосымша 5 бағдар ашылады - ККМ

2014 жылы қосымша 5 бағыт ашу жоспарланған. Атап айтар болсақ, олар: Алматы-Ақтөбе, Астана-Қызылорда,Алматы-Ташкент, Алматы-Защита және Астана-Защита. Бұл бағыттарда қызмет көрсету сапасы жақсартылып, қатынас уақыты инфрақұрылымның жағдайына қарай екі есеге дейін қысқартылады.

Алматы. 18 ақпан. Kazakhstan today. Президент Жолдауын іске асыру аясында 2014 жылы Қазақстанда қосымша 5 маршрут ашу жоспарланған, деп мәлімдеді ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Транспорт және байланыс жолы комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Дмитрий Потлов Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.

"Өздеріңізге де белгілі, транспортты дамыту бағдарламасының аясында 2009 жылдан бастап "Дженерал Электрик", "Тальго" секілді ірі компаниялармен бірлескен жаңа транспорттық машинақұрылысы саласын дамыту қолға алынуда. Астанада бүгінгі таңда өз өнімін беріп үлгерген аталмыш зауыттар жұмыс істеп тұр. Енді 2014 жылы біз 123 локомотив шығаруды көздеп отырмыз. Демек, қазіргі таңда аталмыш зауыт ақырындап өзінің жобалық қуаттылығына жетіп келе жатыр. Жүк вагонын шығаратын зауыттар түрлі модификациядағы 2600 вагон шығармақ, ал жолаушылар вагоны зауыты 200 вагонды ел игілігіне ұсынуды көздеп отыр", - дейді Д.Потлов.

Жолаушылар вагонын сатып алатын жалғыз тұтынушы "Жолаушылар тасымалы" компаниясы болып табылады. Бұлар осы арқылы жаңа бағыт ашпақ.

"Осыған орай, 2014 жылы қосымша 5 бағыт ашу жоспарланған. Атап айтар болсақ, олар: Алматы-Ақтөбе, Астана-Қызылорда,Алматы-Ташкент, Алматы-Защита және Астана-Защита. Бұл бағыттарда қызмет көрсету сапасы жақсартылып, қатынас уақыты инфрақұрылымның жағдайына қарай екі есеге дейін қысқартылады", - дейді ККМ өкілі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны