28.12.2013, 19:48 3271

2014 жылы Қазақстанда мемлекеттік және жеке меншік серіктестікті бағыттайтын орталық ашылады

"Қазақстандық мемлекеттік және жеке меншік серіктестігі "Бәйтерек" холдингімен бірлесіп МЖС бағыттау орталығын құруда. Орталықтың қызметі МЖС дамытуға бағытталады", - делінген хабарламада.

Алматы. 28 желтоқсан. Kazakhstan today. ҚР-да мемлекеттік және жеке меншік серіктестікті бағыттайтын орталық ашылады, деп МЖС Қазақстандық орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстандық мемлекеттік және жеке меншік серіктестігі "Бәйтерек" холдингімен бірлесіп МЖС бағыттау орталығын құруда. Орталықтың қызметі МЖС дамытуға бағытталады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, аталмыш орталықтың ашылуы Қазақстанда мемлекеттік және жеке меншік серіктестікті дамытудың соңғы нүктесі болып табылады.

Елде Қазақстандық МЖС орталығы тиімді жұмыс істеуде. Ол елдегі мемлекеттік және жеке меншік серіктестікті дамытудың заңнамалық алаңы мен стратегиялық жоспарын дайындауға септігін тигізуде.

Сонымен қатар, ҚР Үкіметінде МЖС бойынша үйлестіру кеңесі қызмет істейді. Сондай-ақ, Қазақстанның 8 облысында МЖС бойынша аймақтық орталығын ашу жоспарлануда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны