07.02.2014, 18:16 10553

2014 жылы Қазақстанда натрий цианиді мен полипропилен өндіріледі

ҚР ИЖТМ хабарлауынша, бүгінде натрий цианидіне қажеттілік жылына 16,8 мың тоннаны (негізі алтын өндіру өндірісінде кеңінен қолданылады) құрап отыр. Зауытты Жамбыл облысында салу жоспарланған. Ал, түйіршектелген полипропилен өндірісін Павлодар облысында ашу көзделуде.

Алматы. 7 ақпан. Kazakhstan today. 2014 жылы Қазақстанда натрий цианиді мен полипропилен өндіріле бастайды, қос зауытты Павлодар мен Жамбыл облысында ашу жоспарланған.

ҚР ИЖТМ хабарлауынша, бүгінде натрий цианидіне қажеттілік жылына 16,8 мың тоннаны (негізі алтын өндіру өндірісінде кеңінен қолданылады) құрап отыр. Зауытты Жамбыл облысында салу жоспарланған. Ал, түйіршектелген полипропилен өндірісін Павлодар облысында ашу көзделуде.

Химпром машинақұрылысы, құрылыс индустриясы, ТМК мен экономиканың басқада салаларын өз өнімдерімен қамтамасыз етеді. Оның үстіне, сала бойынша бір жұмыс орны көршілес салалар бойынша 7-8 жұмыс орнын ашуға септігін тигізеді. Осы сала бойынша жоғары кайта өңдеуге қол жеткізу мақсатында ірі кәсіпорындар жаңа инвестициялық жобаларды енгізуде. Мәселен, индустрияландыру картасының аясында 30 кәсіпорын іске қосылды. Ал, инвестиция көлемі 78,7 млрд. теңге шамасында болды.

Бүгінде химпром органикалық және бейорганикалық өнімдерді, минералды тыңайтқыштар, агрохимия және полимерлі өнімдерді, таулы-металлургия кешені үшін арнайы химикаттар мен мұнай өндірудің ішкі салаларын біріктіреді.

Жалпы аты аталған өндірістердің химия өндірісі саласындағы үлесі 2010 жылы 0,9% құраса, 2013 жылдың қазан айында ол 19,8%-ға жетті.

Өткен жылы күкірт қышқылының өндірісі 10,8%-ға, аммиак 14,5%-ға, жуы өнімдері 62,6%-ға артты.

Айта кетерлік жайт, 2010-2013 жылдар аралығында химия саласының 27 кәсіпорнына "Экспорттаушы" бағдарламысы аясында жүйелік және қаржылай қолдау көрсетілді. Бағдарламаны ҚР ИЖТМ "KAZNEX INVEST" АҚ жүзеге асыруда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны