13.02.2014, 19:13 3300

2014 жылы Қазақстанда сирек метал өндірісі қарқынын арттыру жоспарлануда - Б.Нұрабаев

"Дүние жүзі бойынша геологиялық ақпарат қайтарымсыз беріледі. Оның шығыны да көп емес. Осы орайда біз біршама ұтамыз. Инвесторлардың қызығушылығы туындап, бірқатар келісімшарттар түзіліп, жаңа өндірістер басталады. Сонымен қатар, біздің барлау аумағымыз да өсе түседі", - дейді комитет төрағасы.

Алматы. 13 ақпан. Kazakhstan today. Қазақстан халқына Жолдауды жүзеге асыру аясында 2014 жылы Қазақстанда сирек метал өндірісі қарқынын арттыру жоспарлануда, дейді ҚР ИЖТМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасы Базарбай Нұрабаев Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.

"Президенттің Жолдауын іске асыру аясында 2014 жылдың шілде айына дейін министрліктің бұйырығымен мақұлданған бірқатар жаңалықтарды ұсынамыз. Бірінші кезекте, бұл сирек металдар өндірісі. Қазақстанда аталмыш металдардың қойнауы шектеулі және негізінен бұндай металдар өзге де пайдалы қазбалар құрамында кездеседі, мысалға, мыс, уран және өзге де өнімдерде. Жер қойнауын игерушілер пайдалы қазбаларды тепе-теңдікте ұстаулары және оны толықтай өндірулері керек. Алайда бүгінде олар аталмыш міндеттеменің үдесінен шыға алмай отыр. Өйткені сирек металдар құпия сақталады. Сол себепті біз сирек металдардың шығатын жерлерін жариялап, өндірісті инвесторлар мен кәсіпкерліктер қолына тапсыру керектігі жайлы ұсынысты көтеріп отырмыз", - дейді Б.Нұрабаев.

Сонымен қатар, оның айтуынша 2014 жылы аталмыш комитет бірқатар процедураларды қысқартып, геологиялық жұмыстарды белсенді түрде жүргізуді қолға алуды жоспарлауда.

"Дүние жүзі бойынша геологиялық ақпарат қайтарымсыз беріледі. Оның шығыны да көп емес. Осы орайда біз біршама ұтамыз. Инвесторлардың қызығушылығы туындап, бірқатар келісімшарттар түзіліп, жаңа өндірістер басталады. Сонымен қатар, біздің барлау аумағымыз да өсе түседі", - дейді комитет төрағасы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны