30.01.2014, 19:27 3270

2014 жылы Қазақстанда "жасыл" технологиялар саласында еншілес қор құрылады - Қ.Бишимбаев

2014 жылы Қазақстанда "жасыл" технологиялар саласында еншілес қор құрылады. Бұл жайлы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде "Бәйтерек" Ұлттық басқару холдингі" АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишимбаев мәлімдеді.

Алматы. 30 қаңтар. Kazakhstan today. 2014 жылы Қазақстанда "жасыл" технологиялар саласында еншілес қор құрылады. Бұл жайлы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде "Бәйтерек" Ұлттық басқару холдингі" АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишимбаев мәлімдеді.

"Өткен жылы еншілес қор контексінде бірнеше келісімге қол жеткіздік. Қазақстанда "жасыл" технологиялар саласында венчурлық қор құрылатын болды. Біз осы қорды құру туралы Ислам даму корпорациясымен келісімге келдік, енді 2014 жылы бұл қор құрылатын болады", - дейді Қ.Бишимбаев.

Оның айтуынша, қордың алғашқы сомасы шамамен 50 млн долларды құрайды. Оның демеушісі ретінде Ұлттық технологиялық даму агенттігі, сонымен қатар ҚР кәсіпкерлігі мен Ислам даму корпорациясының атынан ұзақмерзімді жеке инвесторлар компаниялары тобы қатысады.

"Бұл қордың басты ерекшелігі - ол исламдық қаржыландыру элементтерін қамтығанындай, дәстүрлі қаржыландыру әдісін де қамтитын болады. Яғни, алғашқы кезеңде 50 млн доллар Қазақстандағы "жасыл" экономика жобаларына салынбақ. Алғашқы кезең сәтті жұмыс істеп кететін болса, қорға тағы 100 млн доллар берілмек", - деді Қ.Бишимбаев.

"Бәйтерек" Ұлттық басқару холдингінің басқарма төрағасының айтуынша, жаңа қор "жасыл" технологияны енгізумен айналысатын барлық қазақстандық кәсіпкерлерді қамти алатындай қуатты болмақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны