05.02.2015, 16:00 3704

2014 жылы қазақстандық қамту үлесі ҚР мұнай-газ секторындағы сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызмет түрлері көлемінде 1,5 трлн теӊгеден асты - В.Школьник

2014 жылдыӊ қорытындысы бойынша мұнай-газ кәсіпорындарыныӊ жалпы сатып алу көлемі 1,5 трлн теӊгеден астам сомаға тауарлар, жұмыстар мен қызмет түрлері қазақстандық қамту үлесініӊ 54% құрады

Астана. 5 ақпан. Kazakhstan Today - 2014 жылдыӊ қорытындысы бойынша мұнай-газ кәсіпорындарыныӊ жалпы сатып алу көлемі 1,5 трлн теӊгеден астам сомаға тауарлар, жұмыстар мен қызмет түрлері қазақстандық қамту үлесініӊ 54% құрады, деп хабарлады энергетика министрі Владимир Школьник Маӊғыстау облысында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"ҚР Энергетика министрлігініӊ қолдауымен Ақтау қаласында жер қойнауын пайдаланушылар мен Маӊғыстау облысыныӊ әкімдігі арасында құны 300 млрд астам теӊгені құрайтын Ұлттық өндірушілерді қолдауға бағытталған меморандумдарға қол қойылды", - деп хабарлады облыс әкімдігінде, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

"Бүгінгі қол қойылған меморандумдардыӊ отандық тауар өндірушілерді қолдауға және жұмыс орындарын сақтап қалуға бағытталған", - деп түсіндірді В.Школьник.

Құжаттарға қол қою барысында Энергетика министрлігініӊ басшысы 2014 жылдыӊ қорытындысы бойынша мұнай-газ саласындағы жер қойнауын пайдаланушылармен жалпы құны 3 трлн теӊгеден астам тауарлар, жұмыстар мен қызмет түрлері сатып алынғаны, оныӊ ішінде қазақстандық қамту көлемініӊ 54% құрағанын атап өтті.

Министр өткен жылдыӊ соӊында ҚР Үкіметі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ халыққа жолдаған Жолдауына сәйкес орта мерзімде экономиканы дамытудағы басты құрал болатын 2020 жылға дейінгі мерзімге арналған "Нұрлы жол" атты инфрақұрылымды дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаныӊ әзірленгенін еске түсіріп өтті.

Сондай-ақ, ол қазақстандық қамтуды дамыту саясаты отандық бизнесті қолдаудыӊ өзекті мәселесі болып табылатынын айтты.

"Экономиканыӊ әр саласындағы және Қазақстан Республикасыныӊ әр аймағындағы субъектілер арасындағы өзара кешенді әрекеттестікті дамыту үшін, бүгінгі күннен бастап бірыӊғай ықпалдыстық жолында жұмыс жүргізу маӊызды", - деп түйіндеді энергетика министрі Владимир Школьник.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны