Система Orphus

2014 жылы Қазақстандық қамтуды дамыту бойынша бағдарлама қайта қаралады - ҚР ИЖТМ

07.02.2014, 18:36 1823

Алматы. 7 ақпан. Kazakhstan today. 2014 жылы халықаралық стандарттарды есепке ала отырып Қазақстандық қамтуды дамыту бойынша бағдарлама қайта қаралады, деді "Strategy2050.kz" АА берген эксклюзивті сұхбатында ҚР ИЖТМ жергілікті қамтуды дамыту департаментінің директоры Серік Камели.

"Елбасының халыққа Жолдауы аясында жаңа жылда біз отандық өндірушілерге қолдау көрсету саясатын бастан-аяқ қайта қарап шығамыз. Интеграциялық процестерді есепке ала отырып, біз Экономикалық кеңістікке және Дүниежүзілік сауда ұйымына шыға аламыз. Ескі бағдарламаны жасақтағанда біз болатынбыз, ол отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету аясында жасақталған. Алайда, біз оны халықаралық талаптарды ескере отырып қайта қарауымыз керек. Осы жылы біз оны толығымен қайта қарап шығып, Үкіметке қаулы мен нормативті актілер түрінде ұсынамыз", - деді С. Камели.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандық қамту туралы бағдарлама 2010 жылы бекітілген.

"Елбасы мұнай мен таукен саласына ірі инвестиция тарту қажеттілігі туралы айтқан болатын. Осы сұрақ бойынша шетелдік компаниялармен отандық тауар өндірушілерді тарту бойынша келіссөз жүргізбекшіміз. Жалпы, бұл дегеніңіз ортақ сатып алудың 32%", - деп департамент директоры өз ойын толықтырды.

Оның айтуынша, жаңа заңнама бірлескен зауыттарды ашуға және Қазақстан аумағында жоғары технологиялы өндірістің дамуына мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, ілкімді жобалар жаңа техниканы тартып, отандық мамандарды мұнай және таукен кешені жобалары аясында оқытуға жағдай жасайды.

"Біз техникалық мамандарды оқытатын боламыз, жалпы ол жобамен тікелей байланысты болады. Ир жобаға жекеше қарап, онда қандай мамандар керек екенін анықтап, арнайы база жасақтап, өз мамандарымызды қай университетте оқытатынымызды белгілеп аламыз. Болжам бойынша, жобаларды жүзеге асыру мақсатында 2 мыңнан 5 дейін ірі маман жұмысқа тартылады", - деп Серік Камели хабарлады.

Қазақстандық қамту бағдарламасы басталғалы, отандық тауар өндірушілермен 100 млрд. долларға келісім жасалды.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны